Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктер 22–24 қазан аралығында өңірде түнгі аяз күшейетінін болжады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстан аумағына суық антициклон жақындап келеді. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Суық алдымен еліміздің батыс өңірлерінде сезілсе, кейін солтүстік және шығыс облыстарға таралады. Солтүстік Қазақстан облысында да түнгі ауа температурасы 0…+5 градустан -5…-10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
«Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді», – деп хабарлады синоптиктер.
Салқын ауа райы еліміздің оңтүстік өңірлерін де қамтиды. Онда түнде ауа температурасы -2…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2…+7 градус шамасында болады.
Тағы оқыңыз: «Кітап оқитын ұлт»: СҚО-да 20 мыңнан астам адам марафонға қатысып жатыр

