Петропавлдықтан 45 грамм мефедрон алынды

Облыс полицейлері Петропавл қаласының тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі. 34 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер 34 жастағы тұрғынды тінту барысында жалпы салмағы 20 грамм ұнтақ тәрізді зат салынған қара изолентамен оралған 20 полимерлік түйіншек тәркіледі. Куәгерлердің қатысуымен асфальт үстінде ер адамның жанынан тағы осындай 25 түйіншек анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген ұнтақ тәрізді зат 45 грамм мефедрон екені анықталды. Есірткі жасырды деген күдікпен ұсталған қала тұрғыны осындай қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған, нашақор ретінде есепте тұр. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Тағы оқыңыз: Енді қазақстандықтар жеңілдікпен көлік сатып ала алмайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x