Енді қазақстандықтар жеңілдікпен көлік сатып ала алмайды

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады. Бұдан былай жеңілдікпен көлік сатып алу мүмкіндігі болмайды. Оның орнына басымдық қоғамдық көліктерге беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алдағы уақытта қазақстандықтар жеңілдікпен автокөлік сатып ала алмайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, машиналарды несиелеу бағыты автобустарды несиелеуге ауыстырылмақ.

«Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 10 мыңнан астам автобус бар. Басым бөлігінің тозығы жеткен. Бұған бірнеше өңірлерге жасаған жұмыс сапары барысында көз жеткіздік. Деректерге сүйенсек, қоғамдық көліктерді күніне 9 млн 300 мың қазақстандық пайдаланады екен. Сондықтан осы бағытқа басымдық беруді жөн көрдік», – деді Марат Қарабаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үлкен жылыжай бой көтеруде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x