Петропавлдағы Набережная 4 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты тұрғын үй 1954 жылы салынған. Апатты жағдайда деп танылған үйге су мен кәріз жүйесі тартылмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл екі қабатты тұрғын үйді әкімдік мамандары апатты деп таныған. Алайда, осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүрзілмепті. Қазіргі уақытта бұл тұрғын үйде тоғыз пәтер бар. Барлығында адамдар тұрады.

Петропавлдағы Набережная 4 мекенжайының тұрғындары апатты үйде тұруға мәжбүр

«Мен 1979 жылдан бері осы үйде тұрамын. Үй тек орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қалғанының барлығы далада. Ешқандай коммуникациялық желі тартылмаған.  Бұрын үйімізде пеш бар еді. Кейін жылу қосылды. Пешті алып тастадық. Далада қатты жел болса үйіміз құлап қалатын сияқты. Көктемде тіптен барлық жерді су басады», – дейді Петропавл тұрғыны Елена Нелюбина.

Сәуле Шаимовада осы екі қабатты тұрғын үйде 1997 жылдан бері тұрып келеді. Оның пәтері екінші қабатта орналасқан. Жаңбыр жауса төбеден су ағады дейді ол.

Петропавлдағы Набережная 4 мекенжайының тұрғындары апатты үйде тұруға мәжбүр

«Шатыр әбден ескірген. Подъездерде құлауға жақын. Өзіміз жөндеу жүргізген едік. Бірақ еш пайда жоқ. Көктемде тіпті су астында қаламыз. Бірінші қабаттағы үйлердің едені дымқыл болып тұрады. Әкімдікке қаншама рет бардық. Үй 2030 жылға қарай жөнделелі деп жауап береді. Ол уақытқа дейін үйіміз құлап қалмауына кім кепіл», – дейді Сәуле Шаимова.

СҚО-да 1900ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 50-і апатты жағдайда болса, 279 үйдің тозығы жеткен. Бұл үйлердің көбісі Петропавлда орналасқан. Өңірдегі көпқабатты үйлердің 49 пайызы, яғни 900ден астамы күрделі жөндеуді қажет етеді екен.

«Биыл алты үйді жөндеуге бюджеттік өтінім берілді. Оған 535 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражатқа үш үйдің шатыры жөнделеді. Және 18 жедел саты ауыстырылады. Қазіргі уақытта өңірдегі 16 үйді жөндеуге, оның ішінде 11 үйдің шатырын және бес үйге лифт қондырғысын ауыстыруға  құжаттама әзірленіп жатыр», – деді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Евгения Островская.

Басқарма мамандарының сөзінше, облыс орталығында «Петропавл қаласының тозығы жеткен тұрғын үйлерін жаңғыртудың 2024-2029 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру тұжырымдамасы» әзірленген. Оның аясында 28 апатты және 18 тозығы жеткен үйді бұзу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз:СҚО-да медициналық мекемелер мерзімі өтіп кеткен вакцинаны сақтап келген

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x