СҚО-да медициналық мекемелер мерзімі өтіп кеткен вакцинаны сақтап келген

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою және мерзімі өтіп кеткен вакцинаны сақтау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Денсаулық сақтау мекемелерінде тексеріс жүргізген прокурорлар бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Айталық, қоймада қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы екпенің мерзімі өтіп кеткен 1800 дозасы анықталған. Жарамсыз болып қалған вакцинаның жалпы құны – 7,8 млн теңгені құрайды.

«Сондай-ақ тексеру барысында қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісі анықталды. Ал қалалық емханалардың бірінде медицина қызметкерлері ресми құжаттарды бұрмалап келген. Осы іске қатысты 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жалпы, анықталған заң бұзушылықтар медициналық мекемелердің бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты орын алған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Qazaqstan Media реакциясы СҚО-да 3,3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары заңсыз өткізілмек болғандығын хабарлаған еді.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында әжелер сайысқа түсті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x