Петропавлда учаскелік полиция пунктінің терезесін сындырған жігіт қамауға алынды

Петропавлда учаскелік полиция пунктінің терезесін шағып, кек алмақшы болған 18 жасар жігіт ұсталды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

4 наурыз күні Петропавлдағы № 11 учаскелік полиция пунктінің қызметкері жұмысқа келгенде сынған әйнек пен кіреберіс есіктің ашық жатқанын көреді. Бейнебақылау камералардың көмегімен бұзақы бірден табылды. Ол сол күні таң ата тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 18 жасар қала тұрғыны болып шықты.
Петропавлдық өз әрекетін мас күйде болғанымен және оған салынған айыппұлға ашуланғандықтан жасағандығын айтқан. Бейнежазбадан оның терезені сындырып, тамбурға кіргені және учаскелік полиция пунктінің темір есігін бұзбақшы болғандығын көруге болады. Медициналық куәландыру жігіттің мас күйде болғандығын көрсетті.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабы бойынша «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша материал жиналды. Бесінші наурызда әкімшілік соттың шешімімен жас жігіт 15 тәулікке қамауға алынды», – деді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері халықаралық деңгейде курстар өткізе алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x