СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері халықаралық деңгейде курстар өткізе алады

Солтүстік Қазақстан облыстық жедел жәрдем орталығында «Kazanada» халықаралық оқыту орталығының жаттығу алаңы ашылды. Мұнда арнайы оқудан өткен төрт қызметкер америкалық кардиологиялық ассоциацияның бағдарламасы бойынша курстар өткізеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем орталығы 2022 жылдан шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық тәжірибені енгізуде. Төрт қызметкер «Kazanada» халықаралық оқыту орталығында тәлім алып, сертификатқа ие болған. Енді олар әлемнің кез келген елінде оқыту-жаттығу жұмыстарын өткізе алады. Ал бүгін жедел жәрдем станциясында халықаралық орталықтың жаттығу алаңы ашылды. Ол үшін жергілікті мамандар қажетті құралдарды сатып алған.

«Kazanada» халықаралық оқыту орталығының мамандары біздің жағдайымызды, мүмкіндіктерімізді бағалап, симуляциялық орталығындағы жаттығу алаңын өздерінің бөлімшесі етіп тіркеді. Біз енді тек медицина қызметкерлерін ғана емес, күштік құрылымдар, төтенше жағдай мамандарын да жедел медициналық көмек көрсету курстарыранан өткізе аламыз. Оларға халықаралық деңгейдегі сертификат береміз», – деп түсіндірді облыстық жедел жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног.

Курстар кезінде қажет болса, «Kazanada» халықаралық оқыту орталығының мамандары келіп тәлім береді. Жаңа ашылған алаңның жұмысын бақылауға аталмыш ұйымның директоры Кевин Фрик келді.

 

«Біздің орталық америкалық кардиологиялық ассоцацияның бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ол әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады. Бағдарлама бойынша балалар мен ересектер арасында жансақтау жұмыстары, неонаталды көмек, кардиологиялық шараларды үйренеді. Біз шыны керек, алғашқы алаң Астана, Алматы немесе Шымкент қалаларында ашылатын шығар дегенбіз. Бірақ Петропавл қаласы алға шықты. Енді осында оқытылған төрт маман басқаларға сабақ бере алады», – деді канадалық қонақ Кевин Фрик.

Қазіргі кезде облыстық жедел жәрдем орталығына күніне 450-500 астам шақырту түседі. Оның 40 пайызы жүрек-қан тамыры ауруларына қатысты екен. Күніне 30-34 жәдел жәрдем бригадасы кезекшілікке түседі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Набережная 4 мекенжайының тұрғындары апатты үйде тұруға мәжбүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x