СҚО-да мас адам өз үйінде аяқ-қолын үсіріп алды

Мамлютка ауданында 62 жастағы ер адам өз үйінде үсіп қалды. Ол мас күйде жатып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамлютка қаласында тәртіп сақшылары жаяу патрульдеу барысында екі пәтерлі үйді тексереді. Оның бір бөлігінде 62 жастағы маскүнем тұрып келген. Сенбіден жексенбіге қараған түні оны полиция қызметкерлері тексермек болып, үйіне барған. Үй иесін полицейлер пеші жағылмаған үйден тауып алды. Дереу жедел жәрдем шақырылады. Дәрігерлер ер адамның аяқ-қолы үсігенін анықтады.

«Жаяу патрульдеу күн сайын жүргізіледі. Ол суық ауа райында өзекті болып қала бермек. Есепке алынған контингенттен басқа, қызметкерлер алкогольді ішімдікті қолданып, үсіп қалу қаупі бар адамдарды, сондай-ақ жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қиын өмір жағдайындағы отбасыларды тексереді. Жұмыс құқықтық тәртіпті сақтау және адамдардың қауіпсіздігін нығайту үшін жүргізіліп жатыр», – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қатты аяз басталғалы тоғыз адамды үсік шалған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x