Петропавлда заңсыз орнатылған 147 гараж алынып тасталды

Петропавлда заңсыз орнатылған гараждардың орнына балалар алаңқайы мен тренажерлар пайда болуда. Мұны халық алдында есеп берген шаһар басшысы Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Петропавлда заңсыз салынған 147 гараж анықталған. Олардың барлығы алынып тасталды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатындығын мәлімдеді.

«Мұндай сұрықсыз темір гараждар қаламыздың көркін бұзып тұр. Сондықтан оларды сүру жұмыстары келер жылы да жалғасатын болады. Осындай нысандардың орнына біз балалар алаңқайы мен спорттық алаңдар орнатып жатырмыз. Тағы көлік қоятын тұрақтар салынатын болады», – деді Серік Мұхамедиев. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда жаңа салынған көпқабатты үйлер жылуға жарымай отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x