Петропавлда жаңа салынған көпқабатты үйлер жылуға жарымай отыр

Петропавлдағы 4 линия көшесінде жаңадан салынған екі көпқабатты үйдің тұрғындары былтырдан бері жылуға жарымай отыр. Баспаналардың бірі өткен жылы, екіншісі биыл қолданысқа берілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

100-ден астам пәтердің 70 пайызы сатылып, иелері қоныстанған. Көпшілік былтыр да қыс бойы электр жылтқышпен күнелткендерін айтып отыр. Ыстық су да бірде бар, бірде жоқ.

«Терезелерден суық соғады. Үй суық. Электр жылытқышты қосып, бөлмедерді жылытып аламыз. Жертөледе үнемі су турады. Аула абаттандырылмаған. Тұрындар үнемі шағымданады.  Жиналыс қорытындысы бойынша ешқандай мәселесі шешілмейді», – дейді қала тұрғыны Мөлір Мүкова.

Құрылыс компаниясының өкілдері ақауды тауып, жоюға асығар емес. Тұрғындардың айтуынша, қатты аязда пәтердегі термометр көрсеткіші 10 градустан ғана асады. Коммерциялық баспананың шаршы метрі 310 мың теңгеден сатылған. Сапа бағаға сай болмай шықты дейді көпшілік. 

«Терезелер дұрыс орнатылмаған. Біз мердіргер компанияны шақырдық. Осы жұманың аяғына дейін келіп, түзетеді. Әр пәтерді аралап жүріп бәрін тексереміз, жөндейміз», – деп сендірді құрылыс компаниясының директоры Амангелді Тұрлыбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындардың 48%-ы ғана қызылшаға қарсы вакцина салдыртқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x