СҚО тұрғындардың 48%-ы ғана қызылшаға қарсы вакцина салдыртқан

Солтүстік Қазақстан облысында 162 адамнан қызылша анықталды. Десе де, солтүстікқазақстандықтар екпе алуға асығар емес. Бүгіндері тұрғындардың 48%-ы ғана вакцина салдыртқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстағы эпиджағдай айтылды. Мамандардың сөзінше қызылшаны 160-тан астам жұқтырыпты. 141 жағдай Петропавлда тіркеліп отыр.

«Қызылша ҚР Ұлттық ұлан әскери институтының 54 курсантынан анықталған болатын. Қазіргі таңда әскерилердің 53-і аурудан айығып, тек бір науқас қана стационарда ем қабылдауда. Ал олармен қатынаста болған 1395 адамның 645-і 72 сағат ішінде қызылшаға қарсы екпе қойдыртқан. Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі туралы айтар болсақ, 21 адамнан қызылша анықталды. Оның 20-сы емделіп шықты, ал біреуі амбулаториялық түрде ем қабылдап жатыр», – деді СҚО санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Бүгінгі таңда ауруханаларда 26 адам қызылша диагнозымен жатыр. Оның тең жартысы бала. Араларында тек 2-уі ғана қызылшаға қарсы екпе алған екен. Ал амбулаториялық емдеуде 34 пациент бар.

Өңірде екпе алуға жарамды тұрғындардың 48%-ы ғана вакцина салдыртқан. Мамандар, уақыт оздырмай екпе алуға шақырады. Бүгіндері облыста індетке қарсы 30 мыңнан аса вакцина бар.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да сырттан келген арзан тауарлардың кесірінен кәсіпорындар жабылуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x