Петропавлда волонтерлер қарттарға қар тазалауға көмектесті

AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы BIRGEMIZ акциясын бастады. Аталған науқан аясында волонтерлер жалғызілікті қарияларға, мүгедек жандарға және зейнеткерлерге көмектесіп, үйінің маңын қардан тазартып, профилактикалық әңгіме жүргізеді, деп жазды Qazaqstan Media.

Волонтерлердің бірінші кезектегі міндеті – су басу аймағындағы жеке үйлердегі зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға және ерекше күтімді қажет ететін адамдарға көмектесу. Жеке секторда тұратын басқа үй иелеріне акцияны ұйымдастырушылар үйдің маңындағы қарды уақытында тазартып отыруы туралы ескертеді. Белсенді жастар тұрғындардан ақ ұлпаны жолдың жиегіне шығарып қоюды сұрайды. Себебі бұл жерден коммуналдық қызметтерге қарды алып кету ыңғайлы.

«Ойқала», «Береке» шағын аудандары, Жұмысшы, Заречный, Солнечный-2 кенттерін көктемде су басу қауіпі бар. Сондықтан біз профилактикалық жұмыстарды күшейттік. Аулаларды аралап, тұрғындарға жаднамалар таратамыз. Сондай ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне олардың аумағындағы қарды тазалау қажеттігі туралы ескертеміз», – деп атап өтті «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Акцияға облыстық төтенше жағдайлар департаменті және Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі де үн қосты. Жалпы өңір бойынша партиялықтар жастар ұйымдарынан 50-ге жуық еріктілерді жұмысқа тартты. Профилактикалық жұмыстармен облыс бойынша 10 мыңнан астам аула қамтылады.

Петропавлда волонтерлер қарттарға қар тазалауға көмектесті
Петропавлда волонтерлер қарттарға қар тазалауға көмектесті

«Қазгидромет» филиалының мәліметіне сүйенсек, облыстың басым бөлігінде қардың биіктігі мен қар жамылғысындағы су қоры былтырғы жылмен салыстырғанда көп. Қазір өңірде қардың биіктігі нормадан орта есеппен 10 см-ге асады. Облыста 87 елді мекенді су басуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Бескөл ауылында жаңа емхана салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x