Бескөл ауылында жаңа емхана салынады

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөл ауылында болып, Қызылжар аудандық ауруханасының жұмысымен танысты. Аурухана жанындағы емхана тәулігіне 200 адамды қабылдай алады екен. Бірақ бұл жеткіліксіз, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бескөл ауылы облыс орталығына іргелес орналасқан. Сондықтан қалаға жақынырақ жерге көшіп келетіндердің саны жыл санап артуда. Ал мұндағы емхана қазіргі аумағы жеткіліксіз болып тұр.  

 

Бескөл ауылында жаңа емхана салынады

Бескөл ауылында жаңа емхана салынады

«Қызылжар ауданының өсіп жатқан халқына қызмет көрсете алатын жаңа ғимарат қажет. Ол үшін экономикалық есептерді жасауды тапсырдым. Олардың негізінде жаңа емхананың құрылысы туралы шешім қабылданады», – деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.

Облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 38 медициналық нысан салынады. Қызылжар ауданында Большая Малышка, Пресновка, Асаново, Новокаменка, Пеньково, Белое, Налобино және Кондратовка ауылдарында 8 медициналық ұйым тұрғызылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мүгедектер мен олардың өкілдерінен заңсыз салық алынып отырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x