Петропавлда мамандар қисайған мұржаны бөлшектеуге кірісті

Петропавл ЖЭО-дағы қисайған мұржаны мамандар бөлшектеуге кірісті. Әзірге, құбырдың қанша метрі демонтаждалатыны белгісіз, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін Qazaqstan Media тілшілері Петропавл ЖЭО-да салынып жатқан мұржа қисайып барады деген материал жариялаған болатын. Ал бүгін компания өкілдері жағдайды баяндады. Кәсіпорын директорының айтуынша, құбыр оқпанының құрылысы жүргізіліп жатқан конустық жылжымалы қалып осьтен ауытқып кеткен. Нәтижесінде мұржа қисық салына бастаған.

«Осы уақытқа дейін құбырдың 39 метрі салынған болатын. Ақау да осы биіктікте анықталды. Қазір мердігер компания өкілдері мұржаны бөлшектеп жатыр. Әзірге құбырдың қанша метрі бұзылатыны белгісіз. Оны жобалық компания анықтайды. Бірақ бұл шаруа ұзаққа созылмайды деген ойдамыз. Біздер қыркүйек айында қайтадан құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз», – деді Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров.

Әрине бұл жағдай нысанның тапсырылу мерзіміне әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан қателікке жол берген «Қазтеплоспецстрой» ЖШС енді шығынды өз мойынына алып, жөндеу жүргізуге міндетті. Жалпы, түтін мұржасын салуға 1,8 млрд теңге қаржы бөлінген болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 500 литр заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x