Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы өсті

Елімізде ұшақпен ұшу қымбаттай түсті. Әуе билеттерінің бағасы кей өңірлерде 50% өскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Energyprom агенттігінің хабарлауынша, өткен бір айда елімізде әуе билеттерінің құны 10% артқан. Ал кей өңірлерде баға тіпті, 50 пайызға дейін шарықтап кеткен. Мұндай жағдай Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Сарапшылар мұны сұраныстың артуымен байланыстырып отыр. Яғни, қазақстандықтар жаз мезгілінде әуе тасымалы қызметін жиірек пайдаланады. Айта кетейік, жыл басынан бері отандық әуекомпаниялар 6 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 30 % көп.

Тағы оқыңыз: Петропавлда мамандар қисайған мұржаны бөлшектеуге кірісті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x