Петропавлда колледж студенттері үшін жатақхана салынып жатыр

Облыс орталығында қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері үшін 244 орынға шақталған жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Нысан осы жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Ғимараттың қасбеті фибропанельмен қапталады. Мұндай заманауи құрылыс материалы бұған дейін Петропавлда қолданылмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда колледж студенттері үшін жатақхана салынып жатыр

Қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған 244 орынға шақталған жатақхананың құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталды. 9 қабатты ғимарат бүгінде 60 %-ға дайын. Қазіргі таңда нысанда шатыр, қосымша өрт сатысы орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жатақхананың құрылысына жергілікті қазынадан 890 млн теңге бөлінген. Мердігер компания «Пилон» ЖШС-і қаржының бір бөлігін игерді. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы ғимараттың қасбетін қаламызда бұған дейін колданылмаған фибропанель материалымен қапталмақ.

Петропавлда колледж студенттері үшін жатақхана салынып жатыр

«Ғимарат орталық көшеде орналасқандықтан қасбетін заманауи құрылыс материалымен қаптау туралы шешім қабылданды. Ол үшін біз көптеген құрылыс материалдарын шағаратын зауыттармен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Ресейде шығарылатын фибропанельге тоқталдық. Бұл өте сәнді әрі аязға төзімді материал. Айта кеткен жөн, оны алғаш рет біздің компания қолданып жатыр», – дейді «Пилон» ЖШС директоры Оксана Грибанова.

Петропавлда колледж студенттері үшін жатақхана салынып жатыр

Қазіргі таңда құрылыс алаңында 50-ге жуық маман еңбек етуде. Араларында жастар да бар. Мәселен, Максим Малявин Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті. Жас жігіт техник-құрылысшы мамандығының 4 курсында білім алуда. Максим оқу бағдарламасына сәйкес аталмыш құрылыс компаниясында тәжірибеден өтіп қана қоймай, өз мамандығының қыр-сырын танып, тәжірибе жинақтауда. Болашақта ол осы салада әрі қарай жұмыс істемекші.

«Тәжірибе барысында құрылысшы мамандығымен тереңірек танысып, теория жүзінде алған білімімізді практикада қолдана аламыз. Жалпы өзім осы салада еңбек етсем деп бала кезімнен армандаған едім. Биыл колледж аяқтап, қолыма диплом аламын. Бұған дейін басқа да құрылыс компанияларында тәжірибеден өтіп, тіпті жаз мезгілінде өзім үшін жұмыс істеп көрдім. Қазір жұмысқа шақырып жатқан құрылыс компаниялары да бар», – дейді Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Максим Малявин.

Мердігер компания нысанның құрылысын осы жылдың күзіне дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Тағы оқыңыз: Биыл 143 мың қазақстандық отбасы баспаналы болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x