экономиканың өсуі

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан экономикасының өсуі жеделдегенін айтты. Көрсеткіш биылғы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әлихан Смайылов қазіргі уақытта ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шыққанын атап өтті. Сонымен қатар, әлемдегі санкциялық тексерістердің күшеюі, логистикалық тізбектердің бұзылуы, жоғары инфляция мен азық-түлік тауарларына бағаның өсуі жаһандық экономиканың баяулауына үлкен әсер етуде. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік инфляция болжамын 7%-ға дейін көтерді.  Жаһандық экономиканың өсу болжамын керісінше 2,8%-ға дейін төмендетті.

«Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құpaды. Елiмізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді. Нeгізгі капиталға сaлынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. Сыртқы сaуда aйналымы 32%-ға өсiп, $134 млрд болды», — деді Әлихан Смайылов.

Жиында негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 3 айда 16%-ға, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ға артқаны баяндалды. Бұл өз кезегінде, ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 трлн теңге бөлуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық резервтері $94 млрд құрады. Нақтырақ айтсақ, 2022 жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері $3 млрд-қа өсіп, $58 млрд-қа жетті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 61 адам коронавирус жұқтырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x