Петропавлда этномәдени бірлестіктердің республикалық семинары өтті. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлда Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестік өкілдеріне арналған республикалық семинар-тренинг өтті. Бұл — дәстүрлі шара. Жыл сайын өткізіледі. Биылғы ұйымдастырушылар тағылымы мол жиынды Петропавл мен Талдықорған қалаларында өткізуді жөн көрді. Басқосуға еліміздің 10 өңірінен 60-қа жуық қатысушы жиналды.

«Бұл семинар этномәдени бірлестік, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне пайдасы зор. Шарада оларға қоғамда болып жатқан процестерді түсіндіреміз. Олардың құзыреттіліктерін, дағдыларын дамытамыз. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа дүниелерді үйренеді», — деді «Қоғамдық келісім» РМ басқарма басшысы Елдос Жұмағұлов.

Көпұлтты қоғамда этносаралық татулықты сақтау және кез келген түсінбеушіліктің алдын алу өте маңызды. Шарада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мамандары ұлт арасында пайда болатын кикілжіңдерді реттеудің халықаралық кейстерімен таныстырды. Этносаралық медианы дамыту жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне мемлекет тарапынан бөлінген көптеген гранттар және қаржыландырулар жайлы айтып берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы уақытта «LiuGong» құрылыс техникасы мол көлемде өндіріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *