Қызылжар ауданындағы Красноярка ауылында ауқымды экологиялық шара өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен келген жандар мен алматылық қонақтар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қызылжар ауданында Красноярка ауылында ауқымды экологиялық шара өтті. Шараға аудан жастары, Қозыбаев университетінің студенттері мен Алматыдан келген меймандар қатысты. Олар Есіл өзенінің маңын күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, орман ішін жинады.

Шараға қатысушылардың аталған жерлерді жинастыруы тегіннен тегін емес. Себебі, аумақта адамдар көп жүреді. Басты мақсат — тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Айта кету керек, аталған елдімекенде алматылық студенттер жүр. Олар өңірдің тарихы мен әсем табиғатын зерттеуде.

Қызылжар ауданында Красноярка ауылында ауқымды тазалық шарасы өтті
Қызылжар ауданында Красноярка ауылында ауқымды тазалық шарасы өтті

«СҚО-ның табиғаты ерекше. Көрікті жерлерге бай. Мұнда келіп, өмірімізще көрмеген дүниелерді көрдік. Бәрі маған қатты ұнап жатыр», — деді алматылық студент Томирис Қадырқызы.

Тағы оқыңыз: Петропавлда этномәдени бірлестіктерге арналған республикалық семинары өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *