киіз басу

Киіз басу өнері – қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы. Көшпенді ата-балаларымыз баспанасын осы материалмен көмкерген. Петропавл тұрғыны Айжан Бауыржанқызы киіз басу өнерін заманауи нақышқа келтіріп, енді жастарға үйретіп жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Айжан Дайырова киіз басу өнерін біраз уақыттан бері дәріптеп  жүр. Ол киіз басып қана қоймай, түрлі картинаны  да жасайды. Қолөнерші оны заманауи нақышқа сәйкестендіріп, өзгелерге де  үйретіп келеді.

киіз басу

«Киіз басу өнеріне бала күннен әуеспін. Үлкендерге қарап өстік. Әжем ісмер адам болатын. Кілемнің түр-түрін тоқитын. Сол кісінің қасында жүріп үйреніп алдым. Сондықтан бұл жұмыс маған жат емес. Ауылда тұрғанда қойдың қалай қырқылатынын, кейін жүнін тазалап, бояу әдістерін көргенмін. Міне енді өзім де әже жолын жалғап, дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрмін», – дейді қолөнерші Айжан Дайырова.

Қазір қолөнершінің 70-ке жуық туындысы бар. Олардың көбі киізге басылған картиналар. Суреттер заманауи әдіспен салынады. Ол үшін келіншекке сабын-сілтілі ерітінді және табиғи жүн керек.

киіз басу

«Тегіс бұйымдар мен кілемдер үшін дымқыл киіз, ал әшекейлер үшін аралас киіз қолданылады. Сондықтан болар, жүн түрлі-түсті, әдемі болып шығады. Мәселен, бір шәліні әзірлеуге 2 аптадай уақытым кетеді. Күлгін-сары-жасыл-көк сияқты нәзік түстер киімге әдемі рең беріп тұрады. Сол себепті, көбіне осы түстерге басымдық беремін. Әр елдің өзіне тән ерекшелігі бар. Ал біздің байлығымыз – осы киіз басу өнері» , – дейді қолөнерші.

 

киіз басу

Он саусағынан өнер тамған кейіпкеріміз бұл іске 15 жылдан астам уақытын сарп еткен. Қызылжарлық шебер киізден жасалған бұйымдарды ұлттық брендке айналдыруды көздейді.

 

Тағы оқыңыз: СҚО-да Орталық Азия елдерінен заңсыз жолмен әкелінген балалар табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x