балалар анықталды

СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды. Ұл-қыздарды заңсыз өткізгендер тергеліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

18 сәуірде СҚО ПД-імен ҰҚК СҚО бойынша департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Оның барысында Петропавл қаласында 7 пәтер тексерілген. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5-тен 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.  Балалардың ел аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттары болмаған. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты, аталған факті 19 сәуірде ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу әрекеттері, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың дизайн-кодын жасау үшін 81 млн теңге бағытталды – Руслан Аңбаев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x