Петропавл қаласының әкімі тұрғындарды қабылдайды. Шара 30 маусым күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындарды қабылдайды. Шара 30 маусым күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтеді. Басталу уақыты — 12:00. Шешілмей жүрген түйткілі бар азаматтар кездесуге Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатыса алады.
«Сонымен қатар, өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 28 маусымнан 30 маусымды қоса «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот қосымшасында (http://t.me/Otchetnye_vstrechy bot) қалдыра аласыз.
Кездесу күні онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірімен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот жұмыс істейтін болады. Қосымша арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады. Ұсыныстар мен ескертулері бар өтініш білдіруші міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын және байланыс телефонын көрсеткен жағдайда ғана қаралатын болады», — деп хабарлады қала әкімдігі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 100-ден астам кәсіпкердің басын қосқан форум өтті

