Петропавлда және Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное ауылдарында су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Қызылжар су» серіктестігі хабарлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бастапқыда профилактикалық жұмыстарды 12–13 қыркүйек күндері жүргізу жоспарланған. Алайда өңірдегі өртке байланысты маңызды іс кейінге шегерілді. Енді ауызсу желілерін шаю және дезинфекциялау жұмыстары 19 қыркүйек сағат 00:00-ден 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Осы кезеңде жоғарыда аталған елді мекендерде су беру тоқтатылады.
«Тұрғындарға қажетті ауызсу қорын алдын ала дайындап қою ұсынылады. Қосымша ақпаратты «Қызылжар су» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметінен 625-425 нөмірі арқылы алуға болады», — деп хабарлады серіктестіктің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Ақтөс, Шарик, Мурка: үй жануарларына ең жиі қойылатын аттар

