Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барша солтүстікқазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы – халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оның терең ойға құрылған өлеңдері мен қара сөздері адамды білімге, еңбекқорлыққа, адалдық пен ізгілікке үндейді.

Ақын мұрасы ұлттық болмысымызды нығайтып, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, парасаттылық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға қызмет етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Сондықтан ұлы ақынның асыл мұрасын зерделеу, оны кеңінен насихаттау және келер ұрпаққа аманаттау – баршамызға ортақ міндет. Абай күні әр шаңыраққа рухани серпіліс, бірлік пен береке әкелсін! Еліміз өркендеп, халқымыздың мерейі үстем болсын!

Тағы оқыңыз: 10 тамыз — Абай күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *