«Нақты әрі айқын міндеттер жүктелді»: Солтүстікқазақстандықтар Жолдауды талқылап жатыр

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы ел дамуының бағыт-бағдары. Солтүстікқазақстандық қоғам белсенділері маңызды құжатты талқылап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық қоғамдық кеңес төрағасының пікірінше, Жолдау – үлкен мәні бар, көп толғануды қажет ететін тарихи құжат. Биыл Президент экономика саласына көп мән берген.

«Қалай алсақ та, барлық даму экономика саласына байланысты. Оның ішінде өнеркәсіп бар. Шикізатқа сүйенбей, терең өңдеу арқылы тұтынушыларға дайын өнімді жеткізу маңызды. Бұл бағытта атқарылған іс көп, жоспар да ауқымды. Мемлекет басшысы облыстың сүт фемаларын республикаға үлгі етті. Бұл қуантарлық жағдай. Ресурс бар, әлеует бар. Бірақ кемшілік те жоқ емес. Президент оны жою жолдарын да атап өтті. Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы жағдайды бағамдай отыра, нақты әрі айқын міндеттер жүктеді. Сол тапсырмаларды орындау арқылы жетістікке қол жеткізуге болады», – деді облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жарасбай Сүлейменов.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында жаңа екі мектеп ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x