Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейтіледі

Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды. Солтүстікқзақстандықтар бұл бастаманы қолдап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы кездері елімізде балаларға қатысты заң бұзушылықтар жиі тіркелуде. Осы орайда Президент кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті.

Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейтіледі
Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейтіледі

«Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Маңызды құжатпен танысқан солтүстікқазақстандықтар бұл бастамаларды қолдап отыр. Және өскелең ұрпақты тәрбиесіне де баса назар аудару қажеттігін айтады.

«Президент білім саласын дамыту қажеттігін үнемі айтады. Ол түсінікті де. Өйткені, бүгінгі күні біздерге сауатты, жаңаша ойлай білетін жастар қажет. Сондықтан елімізде бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. «Тәрбие – тал бесіктен» деп халқымыз бекер айтпаған. Демек, біз ұрпағымыздың тәрбиесін де мықтап қолға алу керекпіз. Оны әркім өзінен бастаған жөн деп ойлаймын», – дейді «Равная дорога» автомектебі» ЖШС директоры Сәлімхан Сәбитов.

Тағы оқыңыз: «Нақты әрі айқын міндеттер жүктелді»: Солтүстікқазақстандықтар Жолдауды талқылап жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x