Тайынша ауданында жаңа екі мектеп ашылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Тайынша ауданында екі бірдей мектеп қолданысқа берілді. Жаңадан ашылған оқу орындарына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров барып, ұстаздар қауымымен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тайынша қаласында тұрғызылған заманауи мектеп 600 орынға шақталған. Ол апатты деп танылған ескі білім ордасының орнына салынды. Құрылыс жұмыстары кезінде оқушылар уақытша бейімделген нысанда оқуға мәжбүр болды. Ал, жаңа оқу жылынан бастап аудан орталығының балалары кең әрі жайлы мектепке барды. Айта кетерлігі, бұл нысан білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен тұрғызылған.

Тайынша ауданында жаңа екі мектеп ашылды
Тайынша ауданында жаңа екі мектеп ашылды

«Мектептерде барлық жағдай жасалған. Сол себепті, ұстаздар жаңа оқу ордаларында білім сапасын үнемі жақсартып, еліміздің дамуы үшін еңбек ететін болашақ азаматтарды тәрбиелеуі қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ бұл күні Тайынша ауданындағы Вишневка ауылында да жаңа мектеп ашылды. 120 оқушыға шақталған білім ордасында балалар мен ұстаздарға жақсы жағдай жасалған.

Тайынша ауданында жаңа екі мектеп ашылды
Тайынша ауданында жаңа екі мектеп ашылды

«Биыл Тайынша ауданының білім беру саласына 8 млрд 400 миллион теңгеге жуық қаражат бағытталды. 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізілген. Осы мақсатта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы – бойынша 444,5 млн теңге бөлінді. 11 мектепте ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен жаңа буынды оқытудың техникалық құралдары сатып  алынады», – деді Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.

Жаңа оқу жылынан бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі, оған 77 млн теңге қаражат бөлінді. Ауданға 16 жас маман келген. Оның 6-ның білімі жоғары. 

Жаңа мектептердің ашылуы облыстағы апатты ғимараттардың санын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс жалғасын табады. Алдағы уақытта Драгомировка ауылындағы апатты деп танылған мектептің орнына жаңа ғимарат тұрғызылмақ.

«Петропавлда 3700 орындық 7 мектеп салынады. Оның 4-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тұрғызылмақ. Сондай-ақ облыс орталығында арнайы мектеп-интернат бой көтеруде. Бұдан бөлек, Петропавлда 420 орындық екі балабақша салу жоспарланған. Бұл кешенді жұмыс білім сапасын жаңа деңгейге шығарып, солтүстікқазақстандық балалардың потенциалын ашады», – деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: 2024 жылдың қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x