СҚО-да мамыр айында спорттық жарыстар көптеп өткізіледі. Бар ақпар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Instagram» парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

5-7 мамыр аралығында Петропавлда жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтеді. Ал сегізінші мамырда футболдан мектеп оқушылары арасында облыс чемпионаты басталады. Ал 12-14 мамыр аралығында облыстың түкпір-түкпірінен келген жас палуандар арасында шаһарда бас қосып, сынға түседі.

17-мамыр күні «Қызылжар» ФК өз алаңында өскемендік «Алтайды» қабылдайды. Матч сағат 15:00-де басталады. Кейін 19-22 мамыр аралығында 2013 жылғы ұл-қыздар теннистен бәсекеге түседі. Ал 22-мамыр күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 мектепте тоғызқұмалақ сайысы басталады.

28-мамыр күні Петропавлға футбол додасы қайта оралмақ. «Қызылжар» ФК өз алаңында талдықорғандық «Жетісуді қабылдайды. Мамыр айындағы спорт сайыстарын 29-31 мамырда өтетін қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты аяқтайды.

Тағы оқыңыз: Мереке күндері Петропавл бағытындағы пойыздарға қосымша орындар қосылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *