Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Қаскөйлер QR-кодтар жасауды меңгерген. Олар жалған веб-сайттар жасап, оларға зиянды сілтемені кірістіре отырып, QR-кодтар жасайды, деп жазады Qazaqstan Media.
Жалған веб-сайттар арқылы жұртты алдау, әлемде квишинг деп аталады. Қаскүнемдер жалған веб-сайттар жасап, оларға зиянды сілтемені кірістіре отырып, QR-кодтар жасайды. Ал бұл кодтарды электрондық пошта арқылы, мессенджерлер арқылы жібереді немесе оларды түпнұсқаның үстіне жапсыра отырып, қоғамдық орындарға орналастырады.
Мұндай кодтарды телефон арқылы сканерлегеннен кейін адамдар құрылғысына қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін. Жалған код жәбірленушінің шотынан ақшаны есептен шығарады немесе сатушыға емес, алаяқтарға төлем аударады.
Полицейлер күмәнді QR-кодтарды сканерлемеуді ұсынады. QR-код арқылы төлем жасаған кезде, ақшаны кімге жібергеніңізді міндетті түрде тексеріңіз.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында мұндай фактілер тіркемепті. Дегенмен, полицейлер адамдарды мобильді құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланған кезде мұқият болуға шақырады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын компанияның ғимараты жанып кетті