Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі таратты деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында оның Астана тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Полицейлер күдікті тұрып жүрген жалдамалы пәтерді тексерген. Нәтижесінде ұнтақ тәрізді зат салынған 30 ораманы тауып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың 5,55 грамы — «тұз» психотроптық заты, ал 29,21 грамы — «мефедрон».
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыс полицейлері 14 келіден астам есірткі затын тәркіледі. Оның шамамен сегіз келісі — синтетикалық есірткі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда нашақорлыққа қарсы спорттық акция өтті

