Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026ж.11.06 № 59-03-09/554 негізді қорытындысына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылардың назарына электр энергиясының бөлшек саудада өткізу бойынша шекті бағасы, оның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша 2026 жылғы 15 маусымнан бастап ҚҚС-сыз 33,37 теңге/кВтс немесе ҚҚС-мен 38,71 теңге/кВтс мөлшерінде ұлғаюы туралы, ақпаратты жеткізеді:

1-топ – тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланыспаған, тұрмыстық қажеттіліктері үшін электр энергиясын пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар (жеке тұлғалар) – ҚҚС-сыз 17,14 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 19,88 теңге/кВтс.

2-топ – электр энергиясын тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар (өзге тұтынушылар) – ҚҚС-сыз 36,63 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 42,49 теңге/кВтс.

3-топ – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар (бюджеттік ұйымдар) – ҚҚС-сыз 56,57 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 65,62 теңге/кВтс.

4-топ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші тұтынушылар (ӘМӨТ/АЭА) – ҚҚС-сыз 33,37 теңге/кВтс., ҚҚС есепке алуымен 38,71 теңге/кВтс.

4-топ – арнаулы экономикалық және индустриалдық аймақтарда орналасқан  (АЭА) тұтынушылар– ҚҚС-сыз 33,37 теңге/кВтс..

Сонымен қатар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау қағидаларына сәйкес, электр энергиясын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін тұтыну көлеміне қарай келесі тарифтер белгіленді:

  1. Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (70кВт·сағатқа дейін) — ҚҚС-сыз 16,23 теңге/кВтс;
  2. Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (70–150кВт·сағат) – ҚҚС-сыз 20,57 теңге/кВтс;
  3. Электр плиталар пайдаланбайтын жеке тұлғалар (150кВт·сағаттан жоғары) – ҚҚС-сыз 25,71 теңге/кВтс;
  4. Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (90кВт·сағатқа дейін) – ҚҚС-сыз 15,88 теңге/кВтс;
  5. Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (90–170кВт·сағ) – ҚҚС-сыз 20,57 теңге/кВтс;
  6. Электр плиталар пайдаланатын жеке тұлғалар (170кВт·сағаттан жоғары) – ҚҚС-сыз 25,71 теңге/кВтс.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *