Петропавлда халықаралық және республикалық байқауларда өңір намысын абыроймен қорғап, атағы шыққан оқушылар марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, ұл-қыздарға ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Ол өңірдегі білім саласындағы оң өзгерістерге тоқталып, дарынды ұл-қыздарға алғысын білдірді.

СҚО әкімі халықаралық және республикалық байқауларда топ жарған оқушыларды марапаттады
СҚО әкімі халықаралық және республикалық байқауларда топ жарған оқушыларды марапаттады

«Өңірімізде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Жыл сайын заманауи мектептер мен балабақшалар ашылып жатыр. Тек балалар білім алса болғаны. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!», — деді СҚО әкімі.

Шарада барлығы 8–11 сыныпта білім алатын 33 оқушы құрметке бөленді. Оларға облыс әкімінің атынан ақшалай сыйлықтар табысталды. Халықаралық және республикалық додаларда 1-ші орын алғандарға – 100 мың, 2-ші орынға – 75, 3-ші орынға 50 мың теңге берілді. Марапатталған 33 оқушының 13-і ауылдық жерлерде тәлім алады.

Айтулы жиында балаларға ізгі тілектер айтылып, білім саласының бүгіні мен ертеңі жайлы да сөз болды. Нұрай Бөкеева — облыстық дарынды балаларға мамандандырылған лицей-интернатының түлегі. Ол 5 жыл қатарынан «География» пәні бойынша республикалық олимпиадаларға қатысқан. Бастапқы жылдары жүлдеге ілікпей жүрді. Кейін тәжірибе жинақтап, табандылығының арқасында биыл беделді сайыста топ жарды.

СҚО әкімі халықаралық және республикалық байқауларда топ жарған оқушыларды марапаттады
СҚО әкімі халықаралық және республикалық байқауларда топ жарған оқушыларды марапаттады

«Туризм» мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. Биылғы біздің мектепті бітірген түлектерге де Қозыбаев университетінен грант берілді. Географияны зерттеп, бүкіл әлемді танығым келеді», — деді облыстық дарынды балаларға мамандандырылған лицей-интернатының түлегі Нұрай Бәкеева.

Тағы оқыңыз: Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 139-шы театр маусымын аяқтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *