Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 139-шы театр маусымын аяқтады. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов театрға арнайы барып, ұжымды театр маусымының табысты аяқталуымен құттықтады. Өңір басшысы театр әртістерінің облыстың мәдени өмірін дамытуға қосып жүрген елеулі үлесін атап өтті. Маусымның жабылуы аясында театр сахнасында Антон Чехов шығармаларының желісі бойынша қойылған «Шутки» спектаклі көрермен назарына ұсынылды.

Қойылым шығармашылық маусымның жарқын қорытындысына айналып, көрермендерге классикалық драматургияның ерекше атмосферасы мен шынайы әсер сыйлады. Театр маусымының қорытындылануы мәдени қауым үшін маңызды оқиға болды. Бұл театр ұжымының жоғары кәсіби деңгейін және көрермендердің театр өнеріне деген тұрақты қызығушылығын тағы бір мәрте айқындады.

Шараға көрермендер көп жиналды. Өнерпаздардың өнері олардың көңілінен шықты. Өнер ұжымы алдағы уақытта да көрермендерін жаңа туындыларымен қуантпақшы.

Тағы оқыңыз: Заң мен Тәртіп: Уәлиханов ауданында балалар арасында прокурор кубогына шағын футболдан турнир өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *