Есіл ауданында тұрғындар 15 жыл күткен жол жөнделді

Биыл Есіл ауданы Бесқұдық ауылына кіреберіс жолды жөндеуге 709 млн теңге бөлініп, 25 шақырым жол дұрысталды. Сөйтіп, елді мекен тұрғындарының 15 жыл күткен мәселесі шешілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Есіл ауданында ауылдарға апаратын және кентішілік жолдарды жөндеу қолға алынған. Мәселен, Бұлақ ауылына кіре беріс жол жөндеу көрген. Оның ұзындығы – 5,5 км. Оған 61,5 млн. теңге бөлінді.

“Бұдан бөлек, Тораңғұл ауылындағы жалпы ұзындығы 5,5 км болатын кентішілік жолдарды орташа жөндеу жүргізіле бастады. Биыл оның 650 метріне асфальт төселді. Жобаны 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Чириковка ауылындағы ұзындығы 11 км кентішілік жолдар жөнделді. Жоба құны – 335 млн. теңге. Николаевка ауылындағы ұзындығы 5,3 км кентішілік жолдар орташа жөнделді. Жол белгілерін орнату және таңбалауды аяқтау қалды. Ақтас ауылының жолдары дұрысталды. Оған 56,2 млн теңге жұмсалды”, – деді брифингте аудан әкімі Мереке Мұхамедияров.

Ал Бұлақ ауылындағы ұзындығы 4,6 км кентішілік жолдарды орташа жөндеуге 146 млн. теңгеден артық ақша бөлінген. Бірақ шарттық міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамаған мердігер ұйымды сотқа берген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлері аталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x