Құрылтай депутаттарының сайлауына дейін 2 аптадай ғана уақыт қалды. Белсенді жас Дениэл Эдилов науқан жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда жоғары заң шығарушы органның құрамына өтуге 545 үміткер тіркелген. Оның 145-і ғана сайланатын болады. Науқан алдында белсенді жас Дениэл Эдилов барша солтүстікқазақстандықтарды дауыс беруге шақырды және әлеуметтік желіде жүрген жалған ақпарға сенбеу қажеттігін айтты.

«Көбі «Құрылтайға» бұрын депутат болған жандар қайта сайланады деп ойлайды. Бұл – жаңсақ пікір. Мен кандидаттардың барлығын зерттедім. Оның ішінде 58 адам бұрын халық қалаулысы болған. Қалғаны – жаңа есімдер. Менің ойымша, жаңа адамдар тың бастамаларды қолға алып, өзекті мәселелерді шешеді», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: Абай күніне орай Аққайың ауданында әдеби шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *