ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлері қабылдау комиссиясына тапсыруы тиіс құжаттар тізімін жариялады. Болашақ студенттер барлық құжатты 25-тамызға дейін тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Министрлік білім гранты иегері атанған талапкерлерге одан әрі не істеу керектігін түсіндірді. Олар grant.testcenter.kz сайты арқылы грант иеленгені туралы куәлікті алуы қажет.
Кейін талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжаттар тапсыру керек.

Студенттер қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
* жеке куәлік;
* 3х4 көлеміндегі фото;
* орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
* № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
* ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі, білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда):
* жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).

Айта кету керек, өткен аптада Қазақстанда мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Барлығы 75 мыңнан астам талапкер грант иегері атанды.

Тағы оқыңыз: Дениэл Эдилов: «Жаңадан сайланған депутаттар тың жобаларды жүзеге асырады»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *