дәрігерлерді үйге онлайн шақыруға болады

Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев енді ақхалаттыларды үйге «электронды үкімет» порталы арқылы шақыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Енді қазақстандықтар дәрігерлерді үйге Egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы шақыра алады. Сондай-ақ, қашықтан медициналық құжаттар қолжетімді болмақ. Атап айтсақ, бұл – емдеуге жатқызуға жолдама, стационардан шығару, аурухана парақтары.

«Egov.kz «электронды үкімет» порталында пациенттер үшін вакцинациялауға жазылу, вакцинациялау бойынша мәліметтерді түзету, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру қолжетімді. Сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелуге болады», – деді вице-министр.

Тағы оқыңыз: «Sensitive» би театры халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x