Биыл Петропавлда 25 көше жөнделеді

Биыл облыс орталығында 25 көше жөнделеді. Қазір солардың бірқатары жабылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстары жайлы Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Постта Жамбыл Жабаев көшесінің Крепостной мен Қожаберген жырау ескерткішіне дейінгі аралығы жөнделетіні жазылған. Аталған жол учаскесі соңғы рет 2018 жылы қалыпқа келтірілген екен. Қазір арнайы бригада асфальттың үстіңгі қабатын алып, жаңасын төсеуге дайындап жатыр. Ол шаруа келесі аптада жүргізіледі.

«Қаладағы жөнделіп жатқан жол учаскелерін араладым. Соның бірі – Набережная көшесі. Мұнда жол жабындысы соңғы рет 2017 жылы ауыстырылған. Сондықтан соңғы бір жылдың ішінде асфальт әбден тозған. Біз мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірақ, шұрық-тесік жерлерді  жамамай, жабындыны толық ауыстыру туралы шешім қабылдадық», – деп жазды қала әкімі.

Жоспарға сәйкес, биыл қаладағы 25-тен астам көшеде жол жөнделмек.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық травматикалық тапанша тауып алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x