Петропавлдық травматикалық тапанша тауып алды

Петропавл қаласының тұрғыны травматикалық тапанша тауып алып, полицияға тапсырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі уақытта облыс аумағында «Қару иесі» акциясы өтіп жатыр. 7 маусымда басталған шараға криминалдық, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі мен басқа да бөліністердің қызметкерлері ат салысуда. Осы уақытқа дейін 1313 қару иесі тексерілген, нәтижесінде 58 құқық бұзушылық анықталды. Қаруды сақтау ережелерін бұзудың 47 фактісі тіркелді. Көбіне тұрғындар мылтықты тіркеу мерзімін өткізіп алған.

«Азаматтық қару мен оған арналған оқ-дәрілер еденге немесе қабырғаға бекітілген қалыңдығы 3 мм-ден кем емес сейфтерде сақталуы тиіс. Көбінесе қару иелері сейфтерде ақша, бағалы бұйымдар мен басқа да заттарды сақтайды. Алайда бұлай істеуге тыйым салынған. Азаматтарды сақтық шараларын ұмытпауға шақырамыз», – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ережеге бағынып, суық қаруды өз еркімен тапсыратын жауапты азаматтар да жоқ емес. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, акция барысында екі петропавлдық полицияға тіркелмеген қару тапсырған. Біреуінің әкелгені – орманда тауып алған 12-ші калибрлі ТОЗ тегіс ұңғылы мылтығы. Тағы бір тұрғын үйінің жанында травматикалық тапанша жатқанын айтып, хабарласқан. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандықтан, олардың екеуі де жауапкершіліктен босатылды.

Тағы оқыңыз: «Sensitive» би театры Испанияда өнер көрсетеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x