26 жыл трактор тізгіндеген әже

Тайыншалық Қазиза Кеңесбаева 26 жыл трактор тізгіндеген. Ерлермен иық тіресе ауыл шаруашылығы техникасын басқарған ер мінезді әжемен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты. 

Қазиза Кеңесбаева Тайынша ауданының Теңдік ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол 14-15 жасынан бастап еңбекке араласады. Ал 1963 жылы Теңдік ауылында тракторшыларды даярлайтын 6 айлық курстан өтеді. Анасы бұл әйел адамның жұмысы емес деп қарсы болса да, ер мінезді Қазиза Қожанқызы алған бетінен қайтпаған.

трактор айдаған әже

трактор айдаған әже

«Алғаш рет тракторға 1964 жылы отырдым. Шөп жинауға шықтық. Маған кабинасы жоқ трактор берді. Қалай жүргізу керек екенін бір-екі рет көрсетіп, қасыма бір баланы ертіп қойды. Қыс мезгілінде малға жем-азық беріп, шаруашылықта жұмыс істедім. Одан соң, МТЗ-50, МТЗ-80 маркалы техниканы басқарып, тіпті К-700-қа да отырдым», – дейді Қазиза Кеңесбаева. 

трактор айдаған әже

трактор айдаған әже

Өзінің адал еңбегінің арқасында Қазиза Қожанқызы Красноармейск аудандық арнайы шаруашылық бірлестігінде звено басшысы болады. Әйел азамат туған ауылын көркейту мақсатында, әлеуметтік жұмыстарға да белсенді қатысқан. 1989 жылы КСРО халық депутаты болып сайланады. 1986 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын жоғары тиімділікпен пайдаланғаны үшін КСРО мемлекеттік жүлдесінің иегері атанған. Оны Қазиза Кеңесбаева әлемдік қайырымдылық қорына аударады. Ал 2016 жылы оған Тайынша ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.

трактор айдаған әже

трактор айдаған әже

«Тракторды 26 жыл айдадым. Үйдегілерге көмектескім келіп, анам істеме десе де жұмыс істедім. Әркім өзі үшін еңбек етеді ғой. Сондықтан қол қусырып отырған жоқпын. Сол еңбегім бағаланды. Түрлі марапаттарға ие болдым. Қазір екі қызымнан туған жиендеріме жастық шағымның қалай өткендігін айтып отырамын», – дейді әже. 

трактор айдаған әже

Еңбегінің зейнетін көріп отырған Қазиза Қожанқызы биыл 80 жасқа толған. Қазір тракторға отырмаса да, жаңа техниканы көргенде қызыға қарайды екен. Онысын жасырмайды да.

Тағы оқыңыз: Үйлері күйіп кеткен петропавлдықтар уақытша баспаналарға орналастырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x