Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының қашан басталып, қашан аяқталатынын және мектеп оқушыларының демалыс күндерін жариялады, деп жазады Qazaqstan Media.
Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады. Бірінші тоқсан 8 аптаға созылады. Одан кейін оқушылар 26 қазаннан 1 қарашаға дейін күзгі демалысқа шығады.
Екінші тоқсан да 8 апта болады. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады.
Ал бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған. Олар 8–14 ақпан аралығында тағы 7 күн демалады.
Үшінші тоқсан 10 аптаға созылады. Көктемгі демалыс 22–28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан 8 аптаға жалғасып, оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
Тағы оқыңыз: Владимир Витченко: Құрылтайдың алғашқы құрамын бірге қалыптастырамыз

