Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда елде 59,3 мың оқушыға арналған 101 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлайды.

Биыл Қазақстанда 5,2 мың балаға арналған 12 мектептің құрылысы аяқталған. Тағы 38,2 мың оқушыға шақталған 72 білім ошағын биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 15,9 мың оқушыға арналған 17 оқу орнының құрылысы 2027 жылға өтпелі жоба ретінде жалғасады.

Бұдан бөлек, 307 мектепте кешенді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл 117 мыңнан астам оқушының оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Білім саласындағы тағы бір маңызды бағыт – оқушыларды ыстық тамақпен қамту. Биыл мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға бюджеттен 209,8 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1,4 млн-ы – бастауыш сынып оқушылары.

«Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы 285 мың жоғары сынып оқушысы және мектепке дейінгі ұйымдардағы 62,7 мың тәрбиеленуші ыстық тамақпен қамтамасыз етілді», — деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-radikaldy-dini-ideologiyany-ustanghan-aejel-alayaqtyq-ueshin-uesh-zhylgha-sottaldy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *