100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан СҚО-ның жетістіктері көпке үлгі – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында СҚО-ның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері көпке үлгі екендігін айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамыту жайын да айтып өтті. Бұл ретте әсіресе, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарына баса назар аудару қажеттігін ескертті.

«Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x