Қызылшаны жұқтыру бойынша Қазақстан әлемде үшінші орында тұр

АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының мамандары әлемде қызылшамен сырқаттану бойынша статистиканы жариялады. Онда Қазақстан үшінші орында тұр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметі бойынша, Қазақстанда 2023 жылдың мамырынан қазанына дейін қызылша ауруын жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген. Ең көп жұқтыру Йеменде – 25 261. Одан кейін Үндістанда тіркелген – 14 927. Елімізден кейін тізімде Эфиопия тұр, 11 227 жағдай. Пәкістанда- 8316 жағдай. Сонымен қатар Ресей қызылша ауруы бойынша топ-10 елге кірген. Онда аталған кезеңде 4 305 жағдай тіркелген. Бұл статистика ДДҰ ұсынған ай сайынғы мәліметтерге негізделгені айтылады.
6 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың саны 20 мыңнан асқанын мәлімдеп, елімізде қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға қызылшаға қарсы 28 мың доза вакцина жеткізіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x