Солтүстік Қазақстан облысында қант зауытын салу жобасы қайта қолға алынды. Инвестициялық жобаны Шал ақын ауданында «Asyl Farms» ЖШС  жүзеге асырмақ. Егер зауыт іске қосылса, елдегі сұраныстың 50 пайызын жабу жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ауданда қант зауытының құрылысы 2015 жылы жүргізілген болатын. Алайда, жоспар жүзеге аспай қалды, деп жазады Qazaqstan Media.

2017 жылы Шал ақын ауданында алғаш рет тәжірибелік мақсатта қант қызылшасы егіліп, нәтижесінде оның қанттылығы орта есеппен 20%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өндіріс үшін өте жоғары болып есептеледі. Биылғы жылы да инвестор тәжірибелік жерге қызылша егіп,  қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Неліктен Солтүстік Қазақстан?

Жобаның солтүстікте жүзеге асырылуы кездейсоқ емес. Канаданың солтүстігінде орналасқан Lantic Rogers зауыты, Ресейдің Алтай өңіріндегі Черемновский зауыты мен АҚШ-тағы Crystal Sugar өндірісі осы аймақтардың дақыл өсіруге бейімді екенін дәлелдеген.

Жоспарланып отырған зауыттың қуаттылығы жылына 200 мың тонна қант өндіруге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан халқының қантқа деген жалпы сұранысының шамамен 50%-ын жаба алады.

Екінші мүмкіндік

Бұған дейін де Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласында қант зауытының құрылысы қолға алынған болатын. Ол кезде жобаның құны 900 млн теңге деп бағаланып, 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылуы жоспарланған еді. Сол кезде жобаны «ТрансАгро Инвест»  ЖШС жүзеге асырды.  Кәсіпорын 400 гектар жерді ұзақ мерзімді жалға алды.  Алайда, басталған іс аяқсыз қалып, зауыт іске қосылған жоқ. Енді міне  аталмыш жоба қайтадан қолға алынып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тас жолда жүк көлігі өртке оранды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *