27 шілдеден Петропавлда «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Бірінші түні тәртіп сақшылары мас жүрген, қыдырып жүрген және жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерді анықтады, деп жазады Qazaqstan Media.

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту болып табылады.

«Рейдтің алғашқы күні қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін бір кәмелетке толмаған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі және кешкі уақытта жүргені үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты 12 хаттама толтырылды.
Жасөспірімдерді түнгі уақытта жұмысқа тарту бойынша бір факт анықталды»,- деп хабарлады құқық қорғау органы.

Жедел-алдын алу іс-шарасы 2025 жылғы 29 шілдеге дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үш көлік соғылып, бір адам көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *