26 шілде күні Петропавл қаласында адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. AUDI, Volkswagen Passat және Honda CR-V маркалы автокөліктер көше қиылысында соқтығысқан, деп жазады Qazaqstan Media..
Облыстық полиция департаменті берген мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы облыс орталығының Пушкин және Шәжімбаев көшелерінің қиылысында болған. AUDI, Volkswagen Passat және Honda CR-V маркалы үш көлік соқтығысқан. AUDI көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
«Қазіргі уақытта жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады»,-деп нақтылады СҚО ПД.
Марқұм болған жүргізуші 63 жаста.
Тағы оқыңыз: МӘМС жүйесіне өзгерістер: Медициналық көмек қолжетімді болады