Петропавлдық өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды. Олар өртеніп жатқан ағаш шеберханасынан 16 газ және оттегі баллонын алып шықты, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс орталығындағы өрт ағаш шеберханалардың бірінде болды. Қызыл жалын 25 шаршы метрді шарпыған.  Төтенше жағдай депаратменті мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында тілсіз жау ауыздықталды. Оған қоса мамандар бірнеше минут ішінде 16 газ және оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша үлкен жарылыстың жолын кесті.

Петропавлда өртеніп жатқан шеберханадан 16 баллон шығарылды
Петропавлда өртеніп жатқан шеберханадан 16 баллон шығарылды

Осыған дейін Тайынша ауданында ірі газ жарылысы болып, бірнеше адамның жарақат алғаны туралы белгілі болған еді.  Сол кезде полиция депратменті хабарлағандай жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзілген. Газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанады.

Петропавлда өртеніп жатқан шеберханадан 16 баллон шығарылды
Петропавлда өртеніп жатқан шеберханадан 16 баллон шығарылды

Тағы оқыңыз: СҚО-да көктемгі әскерге шақыру жоспары орындалмады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *