2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы саласына 72,6 млрд теңге сырттан тартылмақ. Яғни, инвеститция құйылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде тауарлы сүт фермаларын салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да жобалар бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені инвесторлар үшін тартымды бола түсуде. Ірі жобаларды жүзеге асыру ауыл шаруашылығын дамытуға ғана емес, жалпы өңір экономикасына оң әсер етеді. Бұл сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

СҚО-да агроөнеркәсіп саласында 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылады 
СҚО-да агроөнеркәсіп саласында 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

«Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешенге 147,8 млрд теңге инвестиция тарту міндетін қойып отыр. Биыл алғашқы екі айда облыс 18,5 млрд теңге инвеститция тартты. Бұл жылдық жоспардың 12,5%. Осы соманың 12,9 млрд теңгесі тікелей ауыл шаруашылығына, ал 5,5 млрд теңгесі  азық — түлік өндірісіне бағытталды», — деді СҚО ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоқкужинов облыстық әкімдікте өткен жиында.

Жалпы, 2025 жылы облыста аталмыш салада 72,6 млрде теңгенің 35 ірі инвеститциялық жобасы жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 11 тауарлы сүт фермасы бар. Оған 38,7 млрд теңге қарастырылған.  Тағы ірі жобалардың бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қатысты. Оған 19 млрд теңге жұмсалмақ. Қой фермасын құру, кеңейтуге және асыл тұқымды малды асырауға қатысты, жалпы алты жобаны іске қосу жоспарда тұр. Оған қоса, жылқы өсіру, құс фабрикасын ұлғайту және балық шарушалығына қатысты бір жобадан тұр.

«Сонымен қатар, биыл 3,5 млрд теңгеге 2300 бас мал импортталады. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 87,6 млрд теңгеден астам сомаға 3150 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша облыс, агроөнеркәсіп кешеніне инвеститция тарту жоспарын толық жүзеге асыратын болады», — деп жоспармен бөлісті Дәурен Тоқкужинов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 800-ге жуық жігіт әскерге барудан қашып жүр

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *