Петропавлда Counter-Strike ойыны бойынша «Oтан-2026» цифрлық чемпионаты ұйымдастырылды. Үш күнге созылған жарысқа 20-ға жуық команда қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарыстың жүлде қоры 300 мың теңгені құрады. 10–12 қазан аралығында өткен турнирге 140-қа жуық қатысушы тіркелген. Қатысушылар финалға дейін бірнеше іріктеуден өткен. Айта кету керек, шара облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, киберспорт жастар арасында кеңінен танылып келеді. Сондықтан бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінеді.

Петропавлда киберспорттан жеңімпаздар анықталды
Петропавлда киберспорттан жеңімпаздар анықталды

«Біз киберспортты әскери-патриоттық тәрбиемен ұштастыруға тырысамыз. Жастар компьютерлік ойындарда жинаған тәжірибесін тәжірибелік ойындарда да қолдана алады. Қатысушылардың қызығушылығы жоғары. Сондықтан алдағы уақытта да осы бағыттағы жобаларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – дейді ұйымдастырушылар.

Турнир жыл сайын өткізіледі. Жоба 2024 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жарыс қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары чемпион атанды. Оларға 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Петропавлда киберспорттан жеңімпаздар анықталды
Петропавлда киберспорттан жеңімпаздар анықталды

«Командада жеті ойыншы болды. Алдымен мектеп ішіндегі сайыста топ жардық. Топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жеттік. Біз үшін оңай болды. Плей-офф кезеңінде қиындықтарға тап болдық. Бірақ, құрған тактикамыздың арқасында жеңіске жеттік», — дедң команда капитаны Жарас Серік.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сүт безі обырынан 28 әйел көз жұмды

Поделиться:

Shares